Қазақша эротика §1
Қазан төңкерісінен алдын қой үстіне торғай ұялаған заманда бір болыс өмір сүріпті. Болыстың кемпірі ертерек бақилық болған, бір тал ұлы мен келіні болыпты. Мамыражай тіршілік жүріп жатады. Біркүні түн ортасында болыстың жылқысына жау шабады. Барымташылармен болыстың жаңғыз ұлы арпалысып жүріп, басына шоқпар тиіп сол жерде тіл тартпай кетеді. Артында әкесімен екіқабат әйелі қара жамылып қала береді. Ауыр қайғыны көтере алмай болыс та баласының қырқына жетпей о дүниелік болады. Сонымен шаңырақта тек жас келіншек қалады. Тірі тіршілігін жасап жүріп жатады. Уақыт сәті жетіп аман-есен шекесі тостақтай ұл босанып алады. Жас келіншекке болыстың атқосшысы Қотанәлі да бұрынғы тіршілігін істеп, мал-палын жайғастырып жүреді. Жас келіншек те белін бекем буып, күйеуімнің ошағын өшірмеймін, шаңырақты ұстап қалам, осы жаман немені әкесін жоқтатпай жеткіземін деп серт береді. Күндер жылжып болыстың да күйеуінің де жылдық асын береді.
Бірақ түн баласы келіншектің ұйқысы қашып, таңертең мазасыз оянып жүреді. Түсінде бір албасты ма, әйтеуір сұлбасын дәл суреттеу мүмкін емес бір бейне бұны мойнынан қылқындырады ма, қинай ма әйтеуір түнімен қыстығып шығатын болды. Көктем жақындаған сайын бұл бейне тіпті күшейді. Күндіз оны-мұны шаруалармен есінен шықққандай болып жүрет те, ал түн болды күндегі көрініс тағы қайталайды.
-Жоқ!-деп, келіншек бүгін тағы оянды.
-Мүмкін емес, менің олай істеуге қақым жоқ, ақ төсегімді былғамауым керек, мына жаманның өмірі үшін!.. Сыртқа шықса таң рауанданып атып қалған екен. Қотанәлі биелерді байлап, құлындарды ағытып жүр екен. Көзінің астымен бұған мүләйімси қарағанын да байқады. — Осы байғұс болмаса күніміз тіпті қараң қалар еді, жаны жоқ бейшара!- деп Қотаәліге де бір сәт жаны ашып кетті.
Елдің бәрі жайлауға дайындалып жатты. Бұлар үйді жығып, жүктерін артып көщке ілесті. Ымырт үйірілген шақта болар қоныққа ыңғайлы жер қарастырып, бір шөбі шалғын бұлақтың жағасына түнемек болып шешісті. Кешкі астарын мосыға шәй қайтанып, бұйырған несібелерін ішіп-жеп алысқан соң келіншек баласын қасына алып көктемнің жайлы түнінің самалына маңдайын тосып тәтті ұйқының құшағына ене берді.
Шошып оянды. Қара терге малынған маңдайын сүртіп отырып есін жинауға қанша тырысса да, түсіндегі қара әзәзіл шықпай қойды. Соңғы күндері онша қинай қоймай еді. Бүгін тіпті жаман болды. Келіншек сыртқа беттеп, ақырындап бұлақтың жағасына барып екі аяғын суға батырып, жерге жамбасын тигізді. Солай мең-зең хәлде ұзақ отырар ма еді кім білсін бір кезде ту сыртынан сытыр еткен дауысты құлағы шалып қалып, артына сәл мойнын бұрды да дірілдеңкіреген дауыспен:
— Бұл қайсысың?
— Мен ғой, Қотанәлі!
— Кім болсаң да келші бері!..
Әрі қарай